17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Қаза намаздарымды өтеймін бе?

Сұрақ-Жауап

Мен намазды балиғат жасынан кеш бастадым. Енді бұрын қаза болған намаздарымды өтеп отырамын ба және қай кезде,қалай өтесем болады?

   Мәселен, таң намазының сүннеті мен парызын орындап сосын қаза қылған парызымды оқысам бола ма?

- Иә, мұсылман ретінде бұрын білмей оқылмаған бес уақыт намаздардың парызы және үтір уәжіп намаздары қаза ретінде оқу керек. Балиғат жасынан бері оқылмаған қазаны тек жаңадан мұсылманшылық қабылдаған өзге дін өкілі ғана оқымайды. 

Фиқһ кітаптарында, хадис негізінде күн шығып найза бойындай көтерілгенше, тал түстен екіндіге ауығанша және күн батып ақшам оқылғанша қаза, нәпіл және жаназа намаздарын оқу мәкрух деп айтылған. Осы үш мезгілден басқа уақыттарда қаза намазын өтеуге болады.

Бөлісу: