18
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Ван Дамм кикбоксер Забит Самедовты құттықтады

Жаһан

Танымал актер Жан-Клод Ван Дамм көптеген титулдың иегері, әзірбайжан спортшысы, кикбоксер Забит Самедовты WBC Muay Thai нұсқасы бойынша тай боксынан әлем чемпионы атануымен құттықтады.

Айтулы спорт сайысы Шешенстанның тұңғыш президенті Ахмат қажы Қадыровқа арналды. 

«Бауырым Забит, сен жеңіске жеттің, керемет! Саған үлкен-үлкен жеңістер тілеймін. Мен алдағы уақытта да сенің кезекті жеңістеріңді көретініме сенімдімін» делінген Жан Клодтың жүрекжарды хатында.

Еске сала кетейік, Голливуд актері Жан Клод Ван Дамм – Еуропаның каратэ мен кикбокс бойынша 1979 жылғы чемпионы. Атақты актер өзінің спорттық карьерасында 22 кездесу өткізіп, оның 20-ында жеңіске жеткен. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: