19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алматыда мәуліт мерекесі өтті (ФОТО)

Ел іші

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласындағы Республика сарайында Мәуліт кеші өтті.

 

Рухани кешке бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қала әкімдігінің басшылары, зиялы қауым өкілдері мен дін қайраткерлері қатысты.

Рухани кеште танымал әншілер ғибратты жыр-термелер орындап, тәрбиелік мәні мол сахналық қойылымдар көрсетілді. Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірі жайлы бейнероликтер халық назарына ұсынылды. Пайғамбарымыз Мұхаммедке ﷺ салауаттар оқылып, сәлемдер айтылды.

«Мұсылман жұртшылығы Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) туылған күніне орай əр жылдың рабиғул-аууали айының 12- күні мəуліт мерекесін тойлап келеді. Бұл мереке Хақ Елшісіне деген ерекше сүйіспеншіліктен туындағаны айқын. Ұйымдастырып отырған рухани кешіміздің басты мақсаты Алла Елшісінің (Алланың оған сәлемі мен игілігі болсын) өнегелі, ғибратты өмірін жақыннан тану. Сондықтан мұндай жиындардың тағылым-тәрбиесі бөлек» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Кеш барысында Мұхаммед пайғамбардың ﷺ өнегелі өмірінен сыр шертетін бейнеролик бәйгесінің жеңімпаздары марапатталды.

Maulid2

Maulid3

Maulid4

Maulid5

Maulid6

Maulid7

Maulid8

Maulid9

Maulid10

Maulid11

Maulid12

Maulid13

Maulid14

Maulid15

ҚМДБ баспасөз бөлімі

Бөлісу: