28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Медициналық Мекке: мұсылман дәрігер тегін емдейді

Жаһан

Құрама штатта жергілікті мұсылман дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерден құралған топ ақылы медициналық емделуге мүмкіндігі жоқ адамдарға қызмет көрсетеді.

Флорида штаты Джексонвилл қаласында орналасқан Санкт-Блафф-Джонс клиникасында бірнеше жылдан бері 5 мыңнан аса дәрігер өз пациенттерін тегін емдеп келеді. Олар еңбегінің ақысына тек «алғыс» алуды таңдайды.

Ал АҚШ-та емделу, медициналық тексерістен өту арзан қызмет саналмайды. Әсіресе, емделушінің жұмысы мен сақтандыру қағазы болмаса жағдай тіптен күрделі.

Мұсылман әлеуметтік клиникасында емделуші Тилли Закари жұмыссыз қалған кезде басынан өткен жайттарды айтып берді. «Жұмыстан айырылғанда қатты қиналдым. Сосын жүрек сыр бере бастады. Ақырында, инсульт алдым. Емделуге ақша жоқ. Осылайша бас қайғыммен жалғыз қалдым. Не жұмыс жоқ, не сақтандыру жоқ, не ақша жоқ. Егер осы клиника болмағанда мен тірілердің қатарында болмайтын ба едім. Қазір жүрегім қалпына түсіп келеді. Жақын уақытта жұмыс та тауып қалармын деп үміттенемін» дейді ол.

Ізгі ниетті, жылы жүректі дәрігерлердің көмегімен Тиллимен бірге тағы 2 мыңнан аса адам тегін емделіп, денсаулықтарын түзеу мүмкіндігіне ие болған.

Клиниканың негізін қалаушы доктор Мохаммед Илияс әуел баста 2009 жылы мүмкіндігі жоқ адамдарға көмектесу жайында ойланған екен.  Ол өзінің жақын досымен жергілікті ислам орталығы арқылы 30-дан аса дәрігер мамандардың басын қосып, ауруларды тегін қабылдайтын орталық ашады.

«Барлығы тегін. Емделушілерге бәрі тегін. Діни және нәсілдік ерекшеліктеріне қарамаймыз. Барлығына бар мүмкіндігіміз шеңберінде көмегімізді аямаймыз. Егер сіздің емделуге қажетті сақтандыру қағазыңыз болмаса, қаражатыңыз жоқ болса, онда біздің клиниканың есігі сіздерге ашық» дейді доктор Илияс.

 

 {youtube}8uQO5wwp-X4{/youtube}

ummet.kz-ақпарат

 

Бөлісу: