29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ресей ислам телеарнасын іске қосады

Жаһан

Таяу уақытта Ресей Федерациясында ислам дініне арналған спутниктік телеарна іске қосылады.

Бұл жайында Ресей мүфтилер кеңесі төрағасының орынбасары Рушан Аббясов журналистермен сұхбат барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, эфир жұмысы 2017 жылы басталады. «Ислам дініне арналған спутниктік телеарна желісін құру жоспары бізде бұрыннан бар. Біз осы телеарна арқылы дәстүрлі ислам, оның тарихы мен бай мәдениеті туралы, сонымен қатар, еліміздегі халықтар дәстүрі туралы көрсетсек дейміз» деп атап өтті Р.Аббясов.

Рушан Аббясов қазіргі уақытта аталмыш контент бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Жобаны жүзеге асыру бойынша ірі телеарна мамандары да жұмылдырылған.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: