25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Петербор тұрғындарына Мәдина құрмалары жеткізілді

Жаһан

Петербор қаласында Bateel халықаралық компаниясының алғашқы бутигі ашылды.

Оның ассортиментінде 20-дан аса сирек сортты құрмалар бар. Жеміс күйінде және шоколад өнімі түрінде, апельсин, цукат, имбирь, миндаль, макадамеия, пекан жемістерінің тәттілерге оралған түрлері қамтылған.

«Құрманың ең ерекше түрі – әжуа. Ол өте сирек кездеседі және тек Мәдина қаласында өсіріледі. Біз дәл осы қаладан Петерборға тікелей жеткіземіз» дейді бутик меңгерушісі Татьяна Солдатова. Оның айтуынша, экспортталатын өнімге ең ірі, жақсы піскен жемістер сұрыпталады. Әрбір құрма ағашына арнайы қызметкерлер де бекітілген.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: