20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мекке мен Мәдина иғтикафқа әзірленді

Жаһан

Мекке мен Мәдина мешіттері Рамазан айының соңғы он күндігіне келуші мұсылмандарды қарсы алуға әзірленді. Осы уақытты олар толығымен құлшылыққа арнап, иғтикаф жасайды.

Қасиетті қос шаһардағы мешіт қызметкерлері он күнге күндізгі жұмыс уақытынан тәуліктік режимге ауыстырылды. Мешіттегі тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету, ауыз су мен электр қуатының берілуін қадағалау мақсатында қосымша қызметкерлер де алынды.

Әсіресе, иғтикаф ниетімен келушілердің тынығуына арналған бөлмелерге баса назар аударылып отыр. Әйел жамағатына арнайы құлшылық залы бөлінбеген мешіттерде аралықты ажыратушы қалқандар қойылды.

Ал қайырымдылық қызметі мұсылмандарға ас-тамақ пен сусын жеткізумен айналысатын болады.

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: