20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Құранға тіл тигізген губернатор сот алдында жауап берді

Жаһан

Индонезия астанасы Джакарта қаласының губернаторы ислам діні мен қасиетті Құран кітабына тіл тигізгені үшін сот алдында жауап беруіне тура келді.

Ел ішінде Ахок есімімен танылған Басуки Пурнама өзінің Құранға деген құрметсіздігі және ислам діні жайындағы оғаш пікірлерімен Индонезия қоғамының наразылығын тудырды.

Көпшіліктің діни сеніміне нұқсан келтіргені үшін губернатор Басуки Пурнама сотқа тартылды. Ол сот алдында өз пікірлерімен тіл тигізгісі келмегенін және ислам діні мен ғалымдары жайында жағымсыз сөз айтпағанын айтып ақталды. Губернатор бұл әрекеттерін көпшілік мұсылмандардың қолдауына ие болған саясаттағы қарсыласымен пікірталасуымен түсіндірді. Губернатор христиан болғанымен, өзінің өкіл ата-анасы Сулавестік мұсылмандар екенін, сол себепті олардың дінін мазақ қылмайтынын жеткізді.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: