26
Жұма,
Сәуір

һижри

«Халал емес» тауар сатуға тыйым салынады

Жаһан

Малайзия құқыққорғау органы республика бойынша кеңсе және шаруашылық тауарларын сататын сауда орындарын аралап, тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.

Малайзия Сауда және тұтыну министрлігі мәліметінше, полицейлер жасалу кезінде доңыз қылшығы қосылған сурет салуға арналған қылқалам және басқа да шаруашылық заттарын анықтау мақсатында дүкендер мен қоймаларды жаппай тексереді. Ал осындай тауарлар тәркіленген дүкен иелеріне 100 мың ринггит (22 500 доллар) айыппұл салынып, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін. Ведомство өкілдері сонымен қатар, жалған немесе мерзімі өткен «халал сертификаттары» үшін де іс қозғалатынын мәлімдеді.

«Біз тұтынушылардың құқықтарын қорғап, сауда иелеріне ислам шариғатында тыйым салынған заттарды сатпауды ескертеміз» дейді министрлік өкілі Зариф Анвар.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: