29
Жұма,
Наурыз

һижри

Ердоған Минск мешітінің ашылуына қатысты (ФОТО)

Жаһан

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Белорусь басшысы Александр Лукашенкомен бірге Минск орталық мешітінің ашылу салтанатына қатысты.

«Беларусь елі әрқашан тағаттылық дәстүрімен өзге ұлттар мен діндерге сый-құрмет көрсетіп келеді. Біздің басты күшіміз бен мақтанышымыз осында. Бүгін менің әріптесім Ердоғанның қолдау білдіруімен ашылған мешіт республика мұсылмандарына шынайы ислам дінін жеткізу жолында қызмет ететініне сенімдімін» деді А.Лукашенко.

Еске салсақ, осы жердегі ескі мешіт 1949 жылы жабылып, 1962 жылы мүлде қиратылған болатын. Жаңа мешіт құрылысы 2004 жылы салына бастады. 2010 жылы қаржылық қиыншылықтарға байланысты құрылыс жұмыстары қайта тоқтайды. Осылайша ұзақ жылдар тұралаған мешіт құрылысы Түркия Дін істері басқармасының қаржылық демеуімен жанданды.

Жаңарған мешіт 1,5 мың адамға арналған. Қазіргі уақытта Белорусь елінде 30 мыңға жуық мұсылман бар.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: