20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Әлеуметтік желідегі жүгенсіздікке тыйым салуды талап етті

Жаһан

Пәкістан Премьер-министрі Наваз Шариф әлеуметтік желілерді Құдайға тіл тигізетін контенттерден тазалауды талап етті.

Үкімет басшысының бұл талабын оның Пәкістан мұсылман лигасы партиясы ресми Twitter парақшасында жариялады.

«Құқыққорғау органы әлеуметтік желілерде Жаратушыға тіл тигізетін материалдарды таратушыларды анықтап, заң тұрғысынан жазасын беруі керек. Әлеуметтік желідегі бұл жүгенсіздік – барша мұсылман үмметінің діни сеніміне нұқсан келтіреді» деді Наваз Шариф.

Премьер-министр осы мақсатта республиканың Әділет министрлігі арнайы жұмыс жоспарын әзірлеп жатқанын атап өтті. Ол сонымен қатар, Пәкістанның уәкілетті органы бұл бағытта шетелдік желі өкілдерімен де байланыс орнататынын жеткізді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: