29
Жұма,
Наурыз

һижри

«...ЖЫЛАҒАН ХАЛДЕ БОЛМАСА, КІРМЕҢДЕР!»[ХАДИС]

Пайғамбар (с.ғ.с) тарихы

«Тастан түйе шығарған пайғамбар» атты мақаламызда Салихтың қауымына түскен азаптың орны сақталғаны жөнінде жазған болатынбыз. 

Алланың соңғы елшісі Пайғамбарымыз жорықтан қайтып келе жатып, жолда Cалихтың қауымы өмір сүрген Хижр елді мекеніне тоқтайды. Сонда кейбір сахабалар барып, Самуд қауымының құдығынан су әкеліп, оған қамыр илеп, қазан асқан. Сол кезде Пайғамбарымыз қазандарын аудартып, қамырларды түйеге беруді бұйырады. Содан соң, адамдарды ертіп, Аруна түйе су ішкен құдыққа келіп, азапқа ұшыраған қауымның қиссасын айтып, сол елден ғибрат алуға шақырып: «Мен сендердің бастарыңа олардың көргендерінің түсуінен қорқамын. Оларға кірмеңдер», - деген [Ахмад].

Пайғамбарымыз тағы бір сөзінде: «Бұл Алланың азабына ұшыраған мекенге, Жылаған халде болмаса кірмеңдер!», - деген [Бухари,Муслим].

Яғни ешкім Мәдәнин Салих еліне арнайы зират еткендей бармауы керек. Ол жерге бара қалған жағдай болса, Алланың оларға көрсеткен азабын еске алып, жылаған күйде кіру абзал.  Алла елшісі: «Егер жылағыларың келмесе, олардың бастарына келгенін өз бастарыңа келуінен қорқып, жылауға тырысыңдар», - деген.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Құран Кәрім», Халифа Алтай.

«Қиссасу Әнбия», Имам ибн Касир.

«Пайғамбарлар қиссасы», А.Қыдыров...

 Дайындаған: Қанат Қалымбет

Бөлісу: