19
Жұма,
Сәуір

һижри

Дубай әмірі – ғаламтордың танымал тұлғасы

Жаһан

Дубай әмірі Мұхаммед бин Рашид әл-Мақтұм арабтілді интернет кеңістігінде ең танымал тұлға деп танылды.

Шейхтың танымалдылығы әлеуметтік желілерде Дубай әміршісінің үкіметтік мекемелерге жүргізген тексеріс барысы көрініс тапқан бейнежазбадан соң арта түсті.

Дубай әмірінің тексерісі туралы алдын ала хабарланбаған. Рашид әл-Мақтұм қызу жұмыс уақытында бос тұрған кеңселерге тап болған. «Тексеріс ең алдымен халыққа қызмет көрсету мекемелерінде жүргізілді. Әмір адамдарға көрсетілетін қызмет сапасы мен жылдамдығына назар бөлді» деп хабарлайды Дубай әмірлігі баспасөз қызметі. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: