19
Жұма,
Сәуір

һижри

Жарапазан жеңімпаздары анықталды (ФОТО)

Мешіт тынысы

Күллі мұсылман қауымының қуанышпен қарсы алып, сағынышпен шығарып салар қасиетті Рамазан айының өзіне тән ерекше рәсімдері мен қалыптасқан үрдістері бар.

Қазақ халқында оразаны сүйіншілейтін осындай ізгі үрдістің бірі – жарапазан. Бүгінде ел аумағында қайта жаңғырған жарапазан жер-жерлерде ұдайы аталып өтіледі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті осы игі дәстүрді онан әрі жандандыру мақсатында «Қош келдің, Рамазан» атты республикалық бұқаралық жарапазан байқауын жариялаған болатын. Ізгілік жарысына еліміздің әр аумағынан түрлі мәтіндегі жарапазан туындылары түсті.

Бүгін Ораза айт мерекесінде айтулы байқаудың жеңімпаздары белгілі болды. Арнайы құрылған комиссияның ұйғарымымен Алматы қаласының «Самұрық» тобы үшінші орынды иеленсе, Талдықорған қаласының «Қағанат» тобы екінші орынға лайық деп танылды. Ал бас қаламыз Астананың «Сұңқары» бірінші орынды еншіледі. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ізгілікке үн қосып, Рамазан құндылықтарын насихаттауға атсалысқан жарапазан жеңімпаздарын құттықтап, арнайы диплом, сондай-ақ қаржылай сый-сияпат табыстады. 

 

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: