24
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Тарихи шіркеу мұсылмандарға берілді

Жаһан

Коннектикут штаты христиан қауымына тиесілі тарихи архитектуралық ескерткіш саналатын ескі шіркеу жуық уақытта мұсылман ұйымына сатылды.

 

Бриджпорт мұсылмандары діни ұйымы 1920 жылы іртетасы қаланған ғимаратты 1 миллион долларға сатып алды, деп хабарлайды Wall Street Journal.

Шіркеу қызметкері Сара Смиттің айтуынша, өз дәуірінде шіркеу 3 мыңға адамға дейін қызмет көрсеткен. Қазір мұнда бар-жоғы 300 адам келеді, осыған байланысты шіркеу бұдан әрі үлкен ғимаратты ұстап тұруға дәрменсіз болып отыр.

Бриджпорт ислам мәдени орталығы жетекшісі Ахмед Ибрагим шіркеу ғимараты аймақтағы 1 000 мұсылман отбасы үшін өте лайықты екенін жеткізді. «Бұл, шындығында, біздің өңірдегі мұсылман қауымы үшін тарихи сәт» деді ол.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: