19
Жұма,
Сәуір

һижри

Періштелерді ұялтқан сахаба

Ислам жұлдыздары

«Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Айша анамыздың р.л.ғ. шапанына оранып төсекте жамбастап жатқан уақытта Әбу Бәкр (р.а.) кiруге рұқсат сұрады. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған рұқсат етiп, орынынан қозғалмай жата бердi. Әбу Бәкр (р.а) келген мәселесiн шешiп шығып кеттi. Кейiн Омар р.л.ғ. келiп кiруге рұқсат сұрады. Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оған р.л.ғ. да рұқсат етiп орнынан қозғалмады. Омар (р.а.) iсiн бiтiрiп шығып кеттi.

Осман (р.а.) айтады:

«Омардан (р.а.) кейiн мен кiруге рұқсат сұрағанымда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) отырып Айша анамызға (р.а.):

«Киiмдерiңдi жина», - дедi. 

Осыдан соң мен кiрiп мәселемдi шешiп шығып кеттiм. Мен кеткеннен кейiн Айша анамыз (р.а.):

«Уа, Алла Елшісі! Сiз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) неге Османға (р.а.) көрсеткен құрметiңiздi Әбу Бәкр (р.а.) мен Омарға (р.а.) да көрсетпедiңiз?»,-деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Осман өте сыпайы адам. Оны (р.а.) сенiң киiмiңе оранып жамбастап жатқан күйде қабылдасам қажетiн айта алмай қалады деп қорықтым»,-дедi». (Бухари) 

Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Османның (р.а.) сыпайылығына қатысты бiр сөзiнде:

«Үмметiмнiң ең сыпайысы – Осман ибн Аффан (р.а.)», - десе, екiншi бiр сөзiнде: «Бұл үмметтiң нәбиiнен кейiнгi сыпайы адам Осман (р.а.)»,-деген. Сонымен қатар Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Османның (р.а.) сыпайылығы соншалық, одан (р.а.) тiптi перiштелердiң өзi ұялады», - деген. (Хадистi Айша анамыздан р.л.ғ. Имам Суютый риуаят еттi)

Бөлісу: