29
Жұма,
Наурыз

һижри

Индонезия ғалымдары жалған хабар туралы пәтуа шығарады

Жаһан

Индонезия Ғұламалар кеңесі жалған хабарларды жасау және таратуға тыйым салу туралы пәтуа шығаруды көздейді.

Осылайша ел мұсылмандары әртүрлі дақпырт, қаңқу сөздерден аулақ болады. Ғұламалар кеңесі осыған қатысты пәтуаны 15 ақпанға дейін әзірлеп, жариялауды жоспарлап отыр.

Айта кетсек, индонезиялықтар әлем бойынша әлеуметтік желілерді ең белсенді қолданушы халық саналады. Оның үстіне, Индонезия әлемдегі мұсылман халқы көп шоғырланған ел. Республика бойынша жалпы халықтың 88%-ын мұсылмандар құрайды.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: