20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Қасапшылар семинары өтеді

Мешіт тынысы

Санаулы күндерден соң күллі мұсылман қауымының қасиетті Құрбан айт мерекесі басталмақ. Бүгінде осынау мерекенің қадір-қасиетін халық тереңінен сезініп, құрбандық шалушылар қатары да көбейді.

Құрбандық малын шариғи нормаларын сақтай сою үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Осыған байланысты  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалынатын нысандарда қызмет ететін қасапшыларға арнайы семинар-тренинг ұйымдастырады.

Тренинг барысында қасапшылық қылатын азаматтарға білікті мамандар құрбан шалудың шариғи үкімдері мен талап-шарттарын кеңінен түсіндіреді. Мал союдың қыр-сырын үйренген тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.

Семинар 6 қыркүйек күні сағат 15:00-де «Нұр Астана» орталық мешітінде өтеді. Толық мәліметтерді 44-58-48, 8 701 552 08 80 телефондары арқылы алуға болады

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: