26
Жұма,
Сәуір

һижри

Ең кішкентай қажы сапарға шықты

Жаһан

Түркия қажыларды ұлық сапарға аттандырды. Қасиетті мекенді бағыт алған отандастарына ыстық тілек, ізгі лебіздермен, салауат пен дұғамен Каппадокки әуежайынан шығарып салды.

Қажылар тобындағы нағыз танымалдылыққа екі жастағы Мұхаммед Энес Озкюркчю ие болды. Дүние есігін ашқанына екі күз, екі көктем өтсе де бұл балақай қажылық рәсімдерін үйреніп алған. Ұлық сапарға шыққанына шексіз қуанышта.

Әуежайда ата-анасы кәдуілгі киімін ауыстырып, ақ ихрам кигізді. Ал әуежай қызметкерлері тік тұрып отбасыға қызмет қылып, құрмет көрсетті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: