25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Әлемде әр төртінші бала қауіпті аймақта өмір сүреді

Жаһан

Бүгінде 535 миллион бала дағдарысты аймақта өмір сүреді. Бұл өңірлерде дұрыс ас-ауқат, медициналық қызмет, білім мен қауіпсіздік жағдайлары атымен жоқ.

Бұл балалардың өміріне қарулы қақтығыстар, экономикалық дағдарыс, кедейлік зорлық-зомбылықтар қауіп төндіріп отыр. Бұл жайында Біріккен ұлттар ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) мәлімдеді.

Жарты миллион баланың 50 миллионы өз Отанын тастап кетуге мәжбүр болған. «Африканың оңтсүтік Сахара аймағында 393 бала бар. Олар дағдарысты бастан кешіруде. Мұнан кейінгі қатарда Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері тұр» дейді ұйым өкілдері.

ЮНИСЕФ әлемде қалыптасқан ахуал балаларды қорғау саласына да қауіп төндіріп, халықаралық қауымдастықтың ондаған жылдар бойы жасаған еңбектерін аяқасты ететініне алаңдаушылық білдірді.

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: