20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Наиб мүфти медресе шәкірттерімен кездесті (ФОТО)

Ел іші

Алға ауданында түсіндірме жұмыстарын бастаған наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар барысында діни басқармаға қарасты «Ақтөбе» медресесіне арнайы ат басын бұрды, деп хабарлайды «Нұр-Ғасыр» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Наиб мүфти Н.Өтпеновті қарсы алған медресе директоры Ә.Дәуренбеков медресенің оқу ғимараты, жатақхана, асхана, дәрісхана, кітапханасын аралатып, медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Сондай-ақ, Наурызбай қажы Тағанұлы медресе шәкірттерімен жүздесіп, сұқбаттасып,өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Болашақ дін мамандарына ақыл-кеңестерін айтты.

«Шәкіртке ең әуелі табандылық қажет. Дін жолы – нәзік. Осы жолды таңдаған соң осы дінді көркем таратудың, насихаттаудың дұрысжолдарын үйрену керек. Медресе қабырғасындағы өтіп жатқан уақыттарыңызды тиімді пайдалана біліңіздер. Сіздер, болашақ дін маманысыздар. Сондықтан осы жауапкершілікті қазірден сезінген жөн» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Одан өзге жаһандану заманында «жан-жақтылық» қағидасын ұстануды еске салды. Сөз соңында наиб мүфти шәкірт тәрбиелеуде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына да алғысын білдірді.

Abmeed2

Abmeed3

Abmeed4

Abmeed5

Abmeed6

Abmeed7

Abmeed8

Abmeed9

Abmeed10

Abmeed11

 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: