19
Жұма,
Сәуір

һижри

Чехия қоғамдық орында темекі шегуге тыйым салды

Жаһан

Чех президенті Милош Земан сейсенбі күні қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу туралы үкімет пен қос парламент палатасы әзірлеп, мақұлдаған заңға қол қойды. Заң осы жылдың 31 мамырынан бастап күшіне енеді.

«Бұған дейін президент мұндай заңды сынға алған болатын. Алайда, журналистерге мүдделер келіспеушілігінің алдын алу үшін бұл бағыттағы заңды кері қайтармайтынын да жеткізген» делінген хабарлама мәтінінде.

Жаңа заңға сәйкес, барлық қоғамдық орындарда, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамаларында темекі шегуге тыйым салынады. Электронды темекіні мектеп, аурухана мен сауда орындарында тартуға болмайды. Бұдан бөлек, темекі өнімдері мен алкогольді сусындарды балабақша мен спорттық мекемелер маңында сатуға рұқсат етілмейді.

Осы көрсетілген талаптарды бұзу қатаң әкімшілік жазаға алып келеді. Мәселен, 18 жасқа дейін балаларға сатылған жағдайда сауда иесіне 2 миллион крон (80 мың доллар) айыппұл тағайындалады.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: