28
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Лондон мұсылмандары 10 тонна азық таратты

Жаһан

Ұлыбритания астанасында тұрмыс тауқыметі мен тағдыр тақсіретін тартқан лондондық үйсіз адамдарға күріш, макарон өнімдері, жеңіл таңғы ас пен басқа да азық-түлік қораптары таратылды.

Шығыс Лондонның жүздеген мұсылман еріктілері мұқтаж жандарға азық-түлік жинады. Жиылған заттар толығымен үйсіздерге қамқорлықпен айналысатын қорға табысталды, деп жазады Life.

Акция ұйымдастырушыларының бірі, Шығыс Лондон мешіті имамының айтуынша, мұсылман халқында сенімі мен ұлтына қарамастан қиын жағдайға тап болған адамдардың барлығына көмектесудің маңыздылығы жоғары. «Жәрдемақы мен тұрғын үй мәселесінің қиындауы салдарынан көптеген адам көшеде қалып қойып жатыр. Мұсылман ұйымы еліміздегі осындай санаттағы адамдарға олардың діни сенім ерекшеліктеріне, ұлты мен нәсіліне қарап бөліп-жармастан, барлығына көмектесуді жөн санайды» дейді MuslimAid жетекшісі Джехангир Мәлік.

Айта кету керек, кейбір деректер бойынша, Тұманды Альбионда әр түні 3 500-ге жуық адам далада түнейді.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: