25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

«Алтын алқалы анаға – тосын сый» (ФОТО)

Ел іші

Күні кеше "Зекет" қоры Астана қаласы өкілдігінде "Алтын алқалы анаға - тосын сый" жобасы жалғасын тауып, 8 баланың анасы Әлеу Бүлекбайға құрмет жасалып, сыйлықтар табысталып, қаржылай қолдау көрсетілді. Әлеу анамыздың отбасы 2011 жылы Моңғолиядан елім деп келген, Бүгінде үлкені 19 жаста, кенжесі 1 жас 9 ай. Қараөткел ауылдық округінде 30 мың теңгеге үй жалдап тұрады. Жолдасының 70 мыңға жетер жетпес жалақысын үнемдеп, тәттілер пісіріп сатып, өзі де әрекетін жасап, үйінің берекетін асырып жүрген жан. Бес парызына да мұқият осындай анамыз қаншама жастарға үлгі. 
Аталған шараға Дүниежүзі Қазақтар қауымдастығы Астана қаласы өкілдігінің жетекшісі Қарлығаш Бекпатшақызы, "Спа-центр Шипажай" орталығының директоры Дәметкен Алпысбаева, Қазақстан" телеарнасының белді дикторы Гүлназ Әлімгерей, Суретшілер одағының мүшесі Әлия Қанибекова және астаналық "Зекет" қорының жобаларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп жүрген ЖОМАРТ АНАЛАР белсенді атсалысты. Шара барысында бала тәрбиесі, қазақылық пен имандылық, жомарттық тақырыптары қозғалып, қонақтар өз өмір тәжірибелерімен бөлісті. Елордалық Зекет қоры қызметкерлері Дина Боранбаева, Алма Шаукен, Жанар Елдосқызына, "Нұр Астана" мешіті жанындағы сауат ашу курсы орталығының қызметкері Алима Сағындыққызына, белсенді еріктілер Әлия Қанибекова, Айгүл Сауранқызы, Камила Аманжоловаға қор директоры Әнуар Болатұлы атынан алғыс хаттар табысталды. Жиналғандар жобаны тұрақты түрде ұйымдастырып отырған қор жетекшісі Калия Қайыпқызына да ыстық ықыластарын жеткізді. 

Қор ұйымдастыруымен осы уақытқа дейін 15 анаға 2 миллион теңгеден астам қаражат жиналыпты. "Бірлік бар жерде береке бар". Алла Тағала: «... тиісті орынға бір нәрсе жұмсасаңдар, сонда Алла тағы есесін береді» - деп айтқан (Сәбә, 39-аят). Ендеше аналарымызға жасаған сый-сыяпаттарыңыз еселеп қайтсын дейміз.Себебі, тұрмыс тауқыметінен қорықпай, ел демографиясына өз үлестерін қосып жүрген алтын құрсақты аналар қандай құрметке болсын лайық емес пе?!.

15774728 403080103365797 468647043287151387 o

15776680 403080330032441 4770824737596338184 o

15800003 403079773365830 5337216002576448430 o

15800478 403080356699105 107467381701673116 o

«Зекет» қоры Астана қ. - баспасөз қызметі

Бөлісу: