16
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Египет әйелдері мешітте уағыз айтады

Жаһан

Египет тарихында тұңғыш рет мешіттерге 140 әйел ұстаздар уағыз айтуға тағайындалды, деп хабарлайды Asharaq Al-Awsat.

Республиканың Уақф істері министрлігі осындай шешім қабылдаған.

Алдын ала хабарға сәйкес, министрліктің іріктеуімен теологиялық жоғары білімі бар 144 әйел ұстаз алғашқы топқа енді. Ведомство қаулысында олардың басты қызметі мешіттерде діни уағыз жүргізіп, шынайы ислам құндылықтарын насихаттауға бағытталатыны атап көрсетілген.

Әйел теологтардың қызметі мешітте арнаулы орында, яғни әйел жамағатына арналған құлшылық залында атқарылады. Министрлік мешіттерде аптасына екі рет мұсылман қыз-келіншектеріне ислам тақырыбында дәріс жүргізуді тапсырды. Мұнда, әсіресе, әйелдерге қатысты ислам нормалары кеңірек түсіндіріледі.

Министрлік бұл бастаманы «діни жаңғыру» саясаты аясында әйел жамағатының білімдерін арттыру мақсатында қолға алған.

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: