25
Чт,
апр

һижри

«Форсаж» жұлдызы ағынан ақтарылды

Жаһан

Көпке белгілі «Форсаж» фильміне түскен америкалық киноактер Тайриз Гибсон Катар орталық мешітіне барған сәттегі алған әсерін әлеуметтік парақшадағы оқырмандарымен бөлісті.

Гибсон Facebook-тегі өз парақшасына дәстүрлі араб киімімен мешітте жүрген суреттері мен бейнероликтерін жүктеді. Ал ислам жайында актер былай дейді:

«Бас мешіттің қонағы болу менің өмірімде тұңғыш рет болып отыр. Менің жүрегім мешітке кірген кезде қатты соққаны сонша, аяғымда әрең тұрдым».

«Мен қалай құлшылық ету туралы алғашқы дәріс сабағына қатыстым. Өзімді ақ жолға түскендей сезініп тұрмын... Әлемнің барлық мұсылмандарына бар дауысыммен жар салғым келеді... Инша Алла осы мешітте жасаған ниетім мен дұға-тілектерім Таяу Шығысқа жақсылық әкелер деп үміттенемін» дейді актер.

Айта кетсек, Тайриз Гибсон бұған дейін де араб елдеріне келген. Осыған орай БАҚ бетінде оның ислам дінін қабылдағаны туралы ақпараттар пайда болғанымен, нақты дәлелді дәйектер жария болмады. Дегенмен, мешітке аяқ басып, сәждеге жығылған жанның осы бір жүректен шыққан жылы сөздерін өздеріңізбен бөліскенді жөн көрдік.

 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: