19
Пт,
апр

һижри

Қайырымды қария тегін су таратады

Жаһан

Ражкумар Сингхания есімді 73-тегі үнділік қария күн сайын Мумбай қаласындағы теміржол стансасында тегін су таратып келеді.

Ол осымен отыз жыл бойына бірнеше қапшыққа ауызсу құтыларын толтырып, пойызға мінеді де, өзі жұмыс істейтін Масждид Бандер стансасын бағытқа алады. Жол-жөнекей жұмысына жеткенше, сондай-ақ жұмыстан үйіне қайтқанға дейін қажет еткен адамның барлығына су таратады. Бұл оның күнделікті, аптаның алты күнінде атқарар шаруасы.

«Қазір күн өте ыстық. Ал ауыз су тапшы. Мен қаражатын үнемдеу үшін теміржол стансасына дейін бірнеше шақырым жаяу келетін адамдарды білемін. Олар стансаға жеткенде шөлдейді. Дәл осы мақсатта мен су тасимын» дейді Ражкумар Сингхания.

Қария сонымен қатар, өзімен бірге дәрі-дәрмектерді де ала жүреді. «Соңғы пойызбен үйге қайтқан кезде, түнгі сағат 2-нің шамасында мен бас ауырып, қызуы көтерілген адамдарды да кезіктірдім. Мұндай сәтте олар дәріні қайдан табады? Сол үшін алғашқы дәрігерлік көмек келгенше қажет болатын дәрілерді алып жүремін» дейді қайырымды қария. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: