29
Пт,
март

һижри

Жанға жылу, көңілге үміт сыйлаған акция (ФОТО)

Мешіт тынысы

Бүгін қасиетті жұма күні Республикалық қан орталығы мен «Нұр Астана» орталық мешітінің бірлесуімен «Бауырыңа өмір сыйла» атты акция өтті.

Қазіргі уақытта елімізде донор тапшылығынан емге зәру көптеген адамдар қиын жағдайларға кезігеді. Осындай сәтте қысылғанға демеу бола білетін мешіт жамағаты мен қала тұрғындары жұма күнгі жақсылықты донорлық акциясымен бастады. Қан орталығының арнайы медициналық көлігінде қан тапсыру кезегіне тұрған астаналықтармен бірге мешіт ұжымы да сауапты іске жұмыла атсалысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ізгі шара адамдар арасындағы мейірімділікті арттырып, мұсылманшылығымызды нығайтуға зор септігін тигізеді. Әрі осы арқылы салауатты қоғам қалыптастырып, халықтың ауызбіршілігін арттыруға жол ашады.

Жақсылыққа жол салған акция аясынла ізгілікке үн қосып, қан тапсырған отыздан аса адамға мешіт тарапынан арнайы сыйлық пакеттері табысталды.

Айта кетсек, айтулы акция бұған дейін «Әзірет Сұлтан» мешітінде өтіп, 54 адам қан тапсырған болатын. Игі шара алдағы аптада «С.Ғылмани» мешітінде жалғасын табады.


«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Поделиться: