23
Вт,
апр

һижри

Қытайда «әлемдік мұсылман қаласы» салынады

Жаһан

Қытай Халық Республикасының солтүстігіндегі Нинся-Хуэйна автономды ауданының әкімшілік орталығы Иньчуань қаласы мұсылман туризмінің орталығына айналады.

Жуырда Emirates әуе компаниясы Дубайдан Иньчуаньға тікелей әуе рейсін іске қосты. Енді жақын уақытта Қытай қаласына Амман мен Куала-Лумпурдан да тікелей бағыт ашылмақ.

Осыған байланысты қаладағы барлық көше белгілері мен бағдарлар араб және ағылшын тілдерінде жазылады. Ал Иньчуаньның оңтүстігінен «Әлемдік мұсылман қаласы» құрылысы басталады. Оның құны 3,5, млрд долларға бағаланып отыр.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, сән-салтанаты жарасқан кешенде мұсылман мәдениеті мен тарихының мол мұрасы көрсетілетін болады.

 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: