18
Чт,
апр

һижри

Қағба алты аймаққа бөлінеді

Жаһан

Мекке қаласындағы әл-Харам мешітінің территориясы алты аймаққа бөлінеді. Бұл Рамазан айында қажылар қозғалысын бақылау мен мұсылмандардың қасиетті орындарын аралау кезіндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалып отыр.

Қасиетті қос мешіттің Іс басқармасы департаментінің басшысы Тариқ әл-Мәлки аталған алты аймақты 200 – уақытша және тұрақты бақылаушы қадағалайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, мешіттің солтүстік-шығыс тарабындағы ар-Рақуб және әл-Фатх қақпалары арқылы қажыларға қолайлы болу үшін арнайы қосымша өту жолдары ашылады.

Әл-Мәлки департаменттің ауызашар ұйымдастырумен және ұжымдық ауызашар өткізуші ұйымдарды лицензиялаумен айналысатынын айтты. оның айтуынша, ауызашар астары жіті тексерістен өткізіліп тұратын болады. 

 ummet.kz-ақпарат

Поделиться: