24
Ср,
апр

һижри

Біріккен араб әмірлігі тағаттылық хартиясын қабылдады

Жаһан

Абу Дабиде бейбітшілік, келісім мен төзімділік идеясын насихаттайтын тағаттылық хартиясы қабылданды.

Біріккен араб әмірлігі осындай құжатты заңнама тұрғысынан қабылдаған әлемдегі алғашқы мемлекет болып отыр. Бұл туралы БАӘ тағаттылық жөніндегі мемлекеттік министрі шейх Любна әл-Кассими мәлімдеді.

Қазіргі уақытта әмірлік аумағында отбасы институтын нығайту мәселесі, жастар арасындағы байсалдылықты насихаттау, сондай-ақ ғылыми және мәдени құндылықтарды насихаттау секілді маңызды мәселелер қамтылған Ұлттық тағаттылық бағдарламасы жұмыс істейді.

«Қазіргі әлемде соңғы жылдары экстремизм, нәсілшілдік және басқа да деструкивтиі құбылыстар белең алған кезде тағаттылық идеясын кеңірек насихаттау өте маңызды» дейді министр. 

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: