25
Чт,
апр

һижри

АҚШ мұсылмандары үйсіздерге сый жасады

Жаһан

Даллас қаласы (Техас) мұсылман белсенділері қоғамның қызығушылығын тудырған ізгі бір акцияны ұйымдастырды, деп хабарлайды Dallas News.

«Біз – мұсылманбыз, алайда, барлық адамға қамқор болуды қалаймыз. Біз мұнда сіздерге көмек көрсетуге келдік және сіздерге жалғыз емес екендіктеріңізді сезіндіргіміз келеді». Бұл акцияны ұйымдастырушылары ұстанған басты ұран.

Урудж Вахид және оның жұбайы Собия 125 ерікті мұсылмандармен бірге үйсіз адамдарға арналған азық-түлік, тұрмыстық қажеттілік заттарын алып, акцияға атсалысты.

Жергілікті мұсылмандар ұйымы үйсіздерге арнайы қайырымдылық шарасын қолға алып, тұрақты мекені жоқ адамдарға арналған төрт мекемеге осы заттарды үлестірді. Онда тіс пастасы, гигеналық заттардан бастап, әтірсу, киім-кешек, көрпе-төсектің барлығы қамтылды.

Собия Әли 9 жылдан бері осындай акцияларды үйлестіріп келеді. Алғашқы жылы өткізген акцияда ол өзімен бірге 15 қыз-келіншек бірлесіп, 200 үйсіз жүрген адамдға түскі ас берген көрінеді.

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: