25
Чт,
апр

һижри

Белгісіз адамдар мешіт алдында ерекше граффит қалдырды

Жаһан

Құрама штат қоғамында көрініс табатын исламофобиялық құбылыстарға қарамастан, дінаралық татулық пен конфессиялық бірлікке бастайтын бастамалар көпшіліктің көзқарасын дұрыс арнаға бұрады.

Мәселен, Миссиру штаты Уорренсбург қаласында жергілікті мұсылман қауымына құрмет көрсетіліп, мешітке мәдениет ордасы ретінде ізеттілік байқатқан уақиғалар аз емес.

Қаладағы ислам орталығының имамы Камил Гуззи өткен жексенбіде  мешіт алаңқайынан ерекше граффит жазбаларын көреді.

Онда түрлі-түсті бояумен белгісіз біреулер «Қош келдіңіздер!» және «Біздің мекенді таңдағандарыңызға рахмет!» деген жылы лебіздерін қалдырған. Бұл мешіт жамағаты мен дін қызметкерлеріне ерекше көңіл-күй сыйлады, деп жазады CBS Local.

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: