29
Пт,
март

һижри

Катарда өткен Құран конкурсы сыйақысына 275 мың доллар тігілді

Жаһан

Катар мемлекеті астанасы Дохада «Үздіктердің үздігі» атауымен Құран оқу бойынша халықаралық конкурс өтті. 10 күнге жалғасқан жарыста қатысушылар Құранды жатқа оқудан сынға түсті.

Халықаралық конкурсқа әлемнің 21 мемлекетінен 37 қари қатысты. Жарыстың бас жүлдесіне 1 миллион катар риалы (275 мың АҚШ доллары) тігілді. Бұл осы күнге дейін Құран жарыстарындағы ең үлкен сома болып отыр.

Ал үлкен жарыстың әділ қазылар қатарында әлем бойынша ислам ғалымдары мен ғұламалары болды. Ал қари, хафиздердің жарысы спутниктік телеарналар арқылы тікелей эфирде берілді. Жарыстың қорытынды айналымы Катар ұлтық театрында өтті. Халықаралық Құран конкурсының бас бәйгесіне Кувейт елінен келген Халид әл-Инати лайық деп танылды. Жеңімпаздарды Катар Уақф және ислам істері министрлі, доктор Гейс бин Мүбәрак әл-Кавари мен Мәдениет және спорт министрі, доктор Салах бин Ганим әл-Әли табыстады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: