20
Сб,
апр

һижри

Алтынды шариғат бойынша инвестициялауды ұсынды

Жаһан

Алтын жөніндегі әлемдік кеңес (World Gold Council, WGC) және Ислам қаржы институттарына арналған Бухгалтерлік есеп мен аудит бойынша ұйым (AAOIFI) алтынды шариғат стандарттарына сай инвестициялауды ұсынды.

 

Тараптар осы арқылы ислам қаржы институттарының бағалы металдарды пайдалануын ретке келтіруге болатынын мәлімдеді.

Бұл бастама сұранысты арттырып, 1,6 миллиард мұсылман халқына әлемдік алтын нарығы есігінің ашылуына себеп болады.

«Біз ислам инвесторлары мен алтын өндірушілер үшін жаңа бастама туралы айтып отырмыз» дейді кеңес бас директоры (WGC) Арама Шишманянь. Кеңестің мәліметінше, алтын бойынша шариғат стандарттары әзірленгенге дейін көптеген ислам инвестициялары түсініксіз болып келген.

Жаңа шариғат стандарты ислам инвесторларына банктерде алтынды сақтауға, алтын жинақтау шотын ашуға, алтын сертификаттар, биржа қорлары және алтын саудасымен айналысатын жеке  тұлға және алтын өндіруші компаниялар акцяларына шариғат шеңберінде жұмыс жүргізуге мүмкіндіктер береді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: