16
Вт,
апр

һижри

Әзірбайжанда медреселер көбеюде

Жаһан

Таяу болашақта Әзірбайжан республикасында сегіз медресе ашылады.

Ислам оқу орны ел орталығы Бакуде, сондай-ақ республиканың басқа да өңірлерінде бой көтереді. Бұл жайында 2016 жылдың қорытындысына арналған баспасөз-конференциясында Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік комитет төрағасы Мубариз Гурбанлы мәлімдеді.

«Діни медреселер кезегімен ашылады. Оның құрылтайшысы – Кавказ мұсылмандары басқармасы. Білім бағдарламасы Діни құрылымдармен жұмыс жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бірлесуімен әзірленеді» деді М.Гурбанлы.

Соңғы деректерге сәйкес, Әзірбайжан халқының 99,2 %-ын мұсылмандар құрайды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: