29
Пт,
март

һижри

БҰҰ: Дамаск халқы сусыз отыр

Жаһан

4 миллионнан аса Дамаск тұрғындары ауыз сусыз қалды. Қаланың 70 пайызын таза сумен қамтитын екі үлкен ауыз су жүйесі мақсатты түрде бағытталған шабуыл салдарынан істен шықты.

 

Бейбіт тұрғындар енді ауыз суды жеке саудагерлерден сатып алуға мәжбүр. Алайда, бұл судың сапасы мен бағасы ешбір мекеменің тексерісінен өтпеген.

БҰҰ өкілдері бұл жағдай адамдар үшін артық шығынға батыратынын айтады. Тек қана ауыз су үшін әр отбасы табысының 25 пайызын жұмсайды.

Ал сапасыз суды пайдалану қауіпті аурулардың таралуына алып келуі әбден мүмкін. Қазіргі уақытта Сирияда таза ауыз суға 15 миллионнан аса адам мұқтаж болып отыр.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: