25
Чт,
апр

һижри

Норвег банкі халал несие ұсынады

Жаһан

Жуырда Storebrand банкінің ресми сайтында «Пайызсыз ипотекалық насиелеу бойынша этикалық несие» атауыман арнайы ұсыныс жарияланды.

Банк басшылығының мәлімдеуінше, осындай пайызсыз несиелер арқылы елдегі көптеген мұсылман отбасы өз баспаналарын алуға қол жеткізеді. Себебі, бұған дейінгі банктегі пайызды несиелердің ислам дінінде тыйым салынуы себепті мұсылман тұрғындар несие алмай келген.

Жаңа бастама бір апта ішінде өз нәтижесін берді. Осы уақытта 300-ден аса адам банкке аталған несие түрі бойынша толығырақ мәлімет алуға келген.

«Storebrand әлеуетті нарықты тестіден өткізеді және халал жүйесін де жолға қоюды көздейді. Біз осы мақсатта Ұлыбритания және Малайзиядағы қаржыгер кеңесшілермен сөйлестік. Олар бізге бар көмектерін беруге уәде етті» дейді банк менеджері Бьорн Эрик Сэттем.

Банк әзірше бұл бастаманың тестік режимде атқарылатынын айтады. Ал ресми сайттағы ереже бойынша үй сатып алушылар ипотекалық несие арендалық ақы ретінде белгіленеді, осылайша пәтердің толық құнын шығарғанға дейін  кестеге сәйкес төлем жүргізіп отырады.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: