20
Сб,
апр

һижри

Стамбулда заманауи мешіт салынады

Жаһан

Стамбулдың Таксим орталық алаңында жаңа заманауи мешіт салынады.

Қаланың бұл бөлігінде бірнеше басты қонақжайлық ғимараттар орналасқан.

Стамбул мәдени мұраларын қорғау кеңесі 2 қаңтар күні осы алаңда мешіт салуға рұқсат берді. Мешіт ғимараты сәулетшілері – Шефик Биркийе мен Селим Даламана.

Кеңес шешіміне сәйкес, мешіт құрылысына Таксим өнер галереясы ғимаратынан кейінгі алаңнан 1482 шаршы метр жер беріледі.

Жаңа мешіт мұнараларының биіктігі осы маңдағы христиандардың 1880 жылы іргетасы қаланған тарихи шіркеуімен бір теңдікте көтеріледі.

Мешіт ғимараты алаңы 900 шаршы метрден аспауы тиіс. Ғимараттың жалпы биіктігі 30, метр, оның 20,7 метрін негізгі ғимарат қамтиды, 9,6 метрі – күмбезге тиесілі. Жерасты қабатында конференц-залы мен басқа да бөлімдер болады.

Мешіт ауласында 180 көлікке есептелген автотұрақ жоспарланған.

Айта кетсек, Түркия Жоғары әкімшілік соты 1983 жылы Таксим алаңында мешіт, базар және автотұрақ салуға тыйым салған болатын. 2013 жылы Стамбулдың бас алаңында мешіт салу жобасы ұсынылды. 2015 жылы Жоғары сот ұсынысты кері қайтарып, 2 жылдан соң қайта рұқсат беру туралы шешім шығарылды.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: