28
Чт,
март

һижри

Флоренцияда алғашқы мешіт салынады

Жаһан

Италияның Флоренция қаласы мэрі жергілікті мұсылмандарға қала ішінен үлкен мешіт салып беруге уәде етті.

Сонымен қатар, мэр терроризм мен зорлық-зомбылықтардың алдын алу үшін жергілікті мұсылман қауымынан мешіттегі дін насихаты итальян тілінде жүргізілуіне уәде алды.

Әзірше, мешіт іргетасы қаланатын аудан туралы мәлім болмады. Ал қасиетті Рамазан айында мұсылман қауымына уақытша құлшылық ететін орын тұрғызылады. Бүгінгі күнге дейін қала мұсылмандары табылған, қолайы келген жерде құлшылық етуге мәжбүр болып келеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: