28
Чт,
март

һижри

Сенегал делегациясы «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді (ФОТО)

Ел іші

Қазақстанға ресми іссапармен келген Сенегал республикасының елшісі Мамаду Дэм мен оның бірінші кеңесшісі Сулейман Анта Ндьяй «Әзірет Сұлтан» мешітіне келді, деп хабарлайды Muslim.kz.

Мәртебелі меймандарды ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қарсы алып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Сенегалдық елшілер құлшылық үйін аралап, құнды жәдігерлерді тамашалады. Сондай-ақ, «Хикмет» телерадиостудиясы мен Muslim.kz сайтына бас сұғып, жұмыс барысымен танысты.

Бас имамның ресми қабылдауында  қонақтар мешітінің ұжымының ілтипатына ризашылықтарын білдірді. Серікбай Сатыбалдыұлы қазақы дәстүрімізге сай қонақтарға ұлттық бұйым торсықты тарту етті.


 

ummet.kz-ақпарат 

Поделиться: