25
Чт,
апр

һижри

Британияның табысты олимпиада жеңімпазы – мұсылман

Жаһан

Мохаммед (Мо) Фарах – шығу тегі сомалилік, британ жеңіл атлеті. Орта және ұзақ қашықтықта желаяқ, 2012 және 2016 жылдардың төрт дүркін олимпиада чемпионы.

Мо Фарах биылғы олимпиадада төртінші алтын медальді жеңіп алып, Британияның осы кезеңге дейінгі ең табысты жеңіл атлеті деп танылды.

Фарах Рио олимпиадасында 13-ші минутта жеңіс тұғырынан көрініп, Ұлыбританияға 27-ші алтынды сыйлады.

10 000 метр қашықтықтағы жарыста Фарах бірінші орынға шығып, Тұманды Альбионның ұлы спортшылары қатарына енді. Сонымен қатар, Риодағы жеңісімен ол әлемнің ұзақ қашықтықтағы табысты желаяқтарының бірі болды.

 «10 мың метрге жүгіргеннен кейін қатты шаршағандай сезіндім. Менің мақсатым алтын медальды ұтып аул еді. Осы үшін ұзақ уақыт тер төгуге тура келді. Алайда, сіз мақсатыңыз айқын және бұл жолда аянбай еңбек етуге дайын болсаңыз нәтиже шығады» дейді Мохаммед Фарах BBC Sport телеарнасына берген сұхбатында.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: