29
Пт,
март

һижри

Қазақстан – оқу құны бойынша ең арзан ел

Ел іші

Қазақстанда оқу орнында бір жыл білім алу құны орташа есеппен 4,5 мың АҚШ долларына тең келеді. Бұл бағаға студенттің баспана, тамақтану және күнделікті шығыны кіреді.

Осылайша еліміз әлем бойынша жоғары білім беруде ең арзан ел деп танылды. Рейтингті Akare халықаралық агенттігі жасаған.

Ал әлемдегі білім беру саласындағы ең қымбат ел болып АҚШ танылды. Құрама штатта оқу құны орташа есеппен 38 мың доллар. Екінші орында -  Канада, 34 мың доллар. Үшінші орын – Австралияға тиесілі, 25,5 мың доллар.

Айта кетсек, оқу бағасы арзан елдер қатарын Қырғызстан, Грузия, Ресей Египет, Украина мен Албания жалғастырады. 

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: