20
Сб,
апр

һижри

Голливуд жұлдызы ораза ұстап, Құран оқитынын айтты (ФОТО)

Жаһан

Голливудтық кино әртісі Линдси Лохан кувейттік телеарна бағдарламасына қатысты, деп хабарлайды Thenews.com.

Әртіс бағдарлама барысында ислам тақырыбына тоқталып, осы діннің жанына жақын екенін айтты.

Оның ислам дінін қабылдағаны туралы нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, Линдси Лохан исламды өзіне жақын тұтатыны белгілі болды. Ол сонымен қатар, Рамазан айында ораза ұстап, қасиетті Құран кітабын оқығанын айтып берді.

«Құранды оқыған кезде жан дүнием тынышталады. Қасиетті Рамазан айында мен ораза ұстап, намаз оқыдым» дейді ол.

Кино жұлдызы өзінің Instagram парақшасында Кувейт телеарнасында өткен бағдарлама суреті мен мұсылман әлемінің ғалымы әл-Бұхариден жеткен хадисті жазба ретінде жариялаған.

Linda

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: