25
Чт,
апр

һижри

Дания: ислам мектептері үздік студенттер әзірлейді

Жаһан

Зерттеу деректеріне сәйкес, Дания ислам мектептерінің студенттері мемлекеттік білім мекемелері түлектеріне қарағанда жоғары нәтиже көрсетеді.

«Көптеген адамдар ислам жеке мектептері тек діни білім берумен шектеледі деп түсінеді. Мемлекеттік мектептер мұндай қатынасты өзгертіп, мұсылман мектептерімен байланысты арттыруы керек» дейді жоғары экономист Николай Каарсен.

Аталмыш зерттеуді тәуелсіз зерттеу орталығы өткізген. Онда туған тілі даттық емес ұлт өкілдерінің оқушылары 9 сыныптың емтихандарын жоғары бағаға бітіретіні белгілі болған.

Мәселен, мемлекеттік (4,6) және ислам мектептерінің (6,0) білім деңгейінде 1,4 балл айырмашылық бар.

Сонымен қатар, мұсылман мектебінің көпшілік түлектері жұмысқа тұру барысында да біліктілігі бойынша сынақтардан сүрінбей өтеді.

Зерттеу жұмысы 17 мемлекеттен келген 29 мыңнан аса мұсылман балаларының 2007-2014 жылдар аралығында 9 сынып бітірушілері арасында жүргізілген. 1 634 студент ислам жеке мектебінде білім алушылар.

Профессор, зерттеуші Нильс Эгеланд мұсылман оқушыларының бұл жетістіктері мәдени болмысы мен жалпы тәртібіне байланысты екенін айтады.

«Бұл жерде оқу процесі мен бала тәрбиесіне деген қатынаста принциптік айырмашылық та бар. Студенттер оқытушыларға үлкен сыйластықпен қарайды. Сіз ешуақытта олардың сабақ барысында тәртіп бұзып, мұғалімге құрметсіздік жасап жатқанын көрмейсіздер» дейді профессор.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: