20
Сб,
апр

һижри

Голливуд актері босқындар лагеріне келді

Жаһан

Белгілі британ актері Лиам Нисон Иорданиядағы сириялық босқындар лагеріне ЮНИСЕФ-тің ерікті елшісі ретінде келді, деп хабарлайды Assosiated Press агенттігі.

Актер лагерьді паналаған сириялық балалармен бірге еденде отырып, әңгімелесті. Ол өзінің Голливуд актері екенін де жасырмастан әрі қарапайымдылық танытып, емен-жарқын сұхбаттасты.

Ал балалар Нисонға өз арман-мақсаттарын айтып, өмірде кезігетін мәселелер жайын да жеткізді.

«Мен оларды осынша уақыт көрген қиыншылықтардан рухы түскендей болар деп ойлаған едім. Алайда, кездесу кезінде жас жеткіншектердің жалынды жанарын, мақсатшыл көзқарастарын байқадым» дейді Л.Нисон.

Әртіспен әңгіме барысында балалар математика саласына қатты қызығатындарын, болашақта инженер, мұғалім, полицей болуды армандайтындарын жеткізді.

Нисонның Иорданияға келуі Таяу шығысқа ЮНИСЕФ елшісі ретінде алғашқы сапары болып отыр. Ол мұнда ұлымен бірге келген.

Айта кетсек, 2011 жылдан бері жалғасқан әскери қақтығыстар мен соғыс салдарынан 5 миллионға жуық сириялық отанын тастап, босқын атанды. Олардың басым бөлігі Түркия, Ливан мен Иордания елдерінен пана тапты.

Иорданияда қазіргі уақытта 660 мыңға жуық босқын бар.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: