29
Пт,
март

һижри

Британ мұсылман мектептері үздік топ-20-ға енді

Жаһан

2014-2015 оқу жылы қорытындысы бойынша Бирмингемнің дербес үш мұсылман мектебі Англияның үздік жиырма мектебі тізіміне енді.

Ұлыбритания Білім департаменті деректеріне сүйенсек, қыз балаларға арналған «әл-Бұрхан» ислам мектебінде оқушылардың білімі 100% «қанағаттанарлық» бағадан жоғары болған. Оқушылар бес бірдей пән бойынша жоғары баға алды, оның ішінде математика мен ағылшын тілі пәні де бар.

Келесі бір мұсылман мектебінің оқушыларының 95%-ы 2013 жылы «беске» аяқтаған, оның ішінде математика мен ағылшын тілі пәндері кіреді. Мектеп директоры Хамил Патель бұл жетістіктерге тіптен оқу үлгерімі мен тұрмыстық жағдайы төмен отбасы балалары да зор үлес қосқанын атап өтті. Директордың айтуынша, бұған дейін өзге орта мектептерде өз мүмкіндіктерін көрсетіп, ашыла алмаған оқушылар мұсылман мектебінде жақсы нәтижелерге қол жеткізген.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: