17
Ср,
апр

һижри

Биыл Мекке 2,5 миллион қажыны қабылдайды

Жаһан

Сауд Арабиясы 2017 жылы 2,5 миллионнан аса қажы қабылдауды жоспарлайды. Бұл туралы корольдіктің Мәдениет және ақпарат министрі Әділ бен Зейд ат-Тарифи мәлімдеді.

«Қажылар көлемін негізінен шетелден келетін қажылар арқылы көбейтуді көздейміз. Әл-Харам мешіті территориясын кеңейту жұмыстарына байланысты қойылған шектеулер таяу уақытта алынады, осыдан соң қажылар саны артады деп ойлаймыз» деп атап өтті министр.

Айта кетсек, ресми деректер бойынша 2016 жылы Сауд Арабиясына 1 862 909 қажы келген. Бұл қажылық тарихындағы соңғы 10 жыл бойынша ең төмен көрсеткіш ретінде тіркелді. Сарапшылар мұны корольдіктің шетелге беретін квота көлемін төмендетуімен байланыстырады. Ал таяуда Сауд королі Салман бен Әбдел Әзиз бұрынғы квота көлемін қайта қалпына келтіретінін мәлімдеді.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: