19
Пт,
апр

һижри

ҚМДБ: медресе-колледж шәкірттерінің бірыңғай киім үлгісі болады (ФОТО)

Жаһан

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Діни білім және кадр дайындау бөлімінің басшысы Бақтыбай Бейсенбаевқа медресе-колледждерде білім алып жатқан шәкірттердің бірыңғай киім үлгісін дайындауды тапсырды.

 

«Киім үлгісі көзге тартымды, сапалы болсын» деп атап өтті бас мүфти.

Жиналыста Бақтыбай Бейсенбаев оқу-ағарту саласы бойынша жүргізіліп келе жатқан жұмыстар туралы баяндап, нақты жоспарларымен бөлісті.

Басқосу барысында Бас мүфти медресе-колледж шәкірттерін зайырлы пәндер бойынша республикалық олимпиадаларға көбірек қатыстыру қажеттігіне тоқталды.

«Шәкірттеріміз тек діни біліммен ғана шектеліп қалмасын. Оларды зайырлы пәндер бойынша өтетін сайыстар мен байқауларға көбірек қатыстыру керек» деді ҚМДБ төрағасы.

Айта кетсек, бүгінде еліміздегі 9 медреседе 1234 шәкірт тәлім алуда. 2016 жылы 221 адам медресені тәмамдады.

Бас мүфти бастамасымен санаулы мерзім ішінде медресе жұмыстарына елеулі реформалар жасалды. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Міндетті діни пәндерден бөлек, қазіргі заман талабына сай қоғамдық пәндер қосылды.

Жаңа қабылданған Жарғы бойынша медреселер медресе-колледж деп аталады. 2016 жылы Сарыағаш, Шымкент, Алматы, Ақтөбе  қалаларындағы медреселер колледж мәртебесіне көтерілді.

Medd2

Medd3

Medd4

 ҚМДБ баспасөз қызметі

Поделиться: