19
Пт,
апр

һижри

Елорда әкімі ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады

Ел іші

Бүгін Астана қаласы әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтады.

«Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, экономикасы қуатты, еңселі ел атануы Елбасымыздың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан бүгінгі күн жалпы халық болып атап өтетін мерекеге айналды.

Тәуелсіздіктің 25 жылында Елбасымыз жүргізген салиқалы саясаттың арқасында елімізді мекендеген түрлі этностар өзара татулықта өмір сүруде. Қазақстан әлемнің алпауыт елдерімен тең дәрежеде әріптестік орнатып, ғаламдық маңызды бастамалардың ордасына айналды. Әлем жұрты елімізді көптеген игі істермен танып-білуде. Бұл жүйелі жоспар мен қажырлы еңбектің арқасы. Азаматтарымыздың бойында елдік сана, ертеңге деген сенім қалыптасты. 

Елбасымыз қазығын қағып, болашағын бағдарлаған арайлы Астанамыз да бүгінде әлемнің үздік шаһарларының бірі. Еліміз бен еңселі Елордамыздың алар асуы алда, болашағы жарқын деп сенемін.

 Баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға ырыс пен береке тілеймін!» делінген құттықтауда.

ummet.kz-ақпарат

Поделиться: